Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Президентінің 1991 жылғы 13 кыркүйектегі N 444 қаулысының және Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 24 желтоқсандағы N 549 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 наурыздағы N 776 Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс          

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "1991 - 1992 жылдарға арналған (I кезең) Қазақ КСР-інде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасы және Қазақ КСР-інде мемлекеттік меншікті жекешелендірудің купондық механизмі туралы ереже туралы" Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Президентінің 1991 жылғы 13 қыркүйектегі N 444 қаулысы (Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., N 36, 458-құжат);

      2) "Қазақ КСР-інде мемлекет меншігін жекешелендірудің купондық механизмі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 24 желтоқсандағы N 549 қаулысы.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз шешімдерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н.Назарбаев