Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы N 1085 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 762 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 354 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2012.04.19 N 3-3 Шешімімен

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес Зеленов аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Зеленов ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Зеленов аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 3 қыркүйектегі N 8-4 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-7-72 тіркелген және аудандық "Ауыл тынысы" газетінің 2008 жылғы 18 қазанында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1 тармақта:
      1) тармақшада "1" деген сан "1,5" деген санымен ауыстырылсын;
      2 тармақта:
      1) тармақшада "шұғыл әлеуметтік қолдау төлемдері (емделу, тұрмыстық қажеттіліктер, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы тағы басқа ауыр жағдайларда)" деген сөздерден кейін "жан басына шаққанда орташа табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) ұзақ амбулаторлық емделуіне туберкулез ауруына шалдыққандардың (жол жүру және тамақтануға), жалғызбасты тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге, сонымен қатар екі және одан артық мүгедектер бар отбасыларына" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша алынып тасталынсын;
      3) тармақшада "Тоғызыншы мамыр – Жеңіс күніне біржолғы төлемдер" деген сөздер алынып тасталынсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      Аудандық мәслихат хатшысы