Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 742 Жаралығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс        

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат; 2004 ж., N 14, 171-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 43, 573-құжат; 2006 ж., N 35, 374-құжат; 2007 ж., N 3, 36-құжат, N 24, 268-құжат, 2008 ж., N 4, 43-құжат; N 20, 182-құжат, N 42, 465-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
      Қожамжаров Қайрат Пернешұлы - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) төрағасы енгізілсін;
      аталған Комиссияның құрамынан С.С.Қалмырзаев шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н. Назарбаев