Ескерту. 1-тармағының бірінші және екінші абзацтарын қоспағанда, күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: |
1. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 94-құжат; 2003 ж., N 8, 79-құжат; 2003 ж., N 49, 558-құжат; 2005 ж., N 32, 424-құжат, 2007 ж., N 3, 35-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы "2015" деген цифрлар "2028" деген цифрлармен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде: 1-тармақтың екінші абзацында "982,3" деген цифрлар "2000" деген цифрлармен ауыстырылсын; 3-тармақтағы "1996 жылғы 26 қаңтардағы" деген сөздер "2007 жылғы 6 шілдедегі" деген сөздермен ауыстырылсын; "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық |