Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі N 1605 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қазандағы N 683 Жарлығы. 1-тармағының бірінші және екінші абзацтарын қоспағанда, күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен.

      Ескерту. 1-тармағының бірінші және екінші абзацтарын қоспағанда, күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Президенті

мен Үкіметі актілерінің жинағында

және республикалық баспасөзде

жариялануға тиіс

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын одан әрі дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :

      1. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі N 1605 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 28, 344-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақтағы "2015" деген цифрлар "2030" деген цифрлармен ауыстырылсын;


аталған Жарлықпен бекітілген "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

3-тармақ мынадай мазмұндағы 12), 13), 14), 15), 16), 17) тармақшалармен толықтырылсын:

"12) жібек маталар және олардың негізінде бұйымдар шығару;

13) маталық емес тоқыма материалдарын және олардың негізінде бұйымдар шығару;

14) кілемдер, кілем бұйымдарын және тұскілемдер шығару;

15) мақта целлюлозасын және оның туынды өнімдерін шығару;

16) мақта шикізатынан жоғары сапалы қағаз шығару;

17) былғарыдан жасалған бұйымдар шығару.";

4 және 16-тармақтардағы "1996 жылғы 26 қаңтардағы" деген сөздер "2007 жылғы 6 шілдедегі" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын тиісті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев