Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
Қ АУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) алып тасталды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен;2) "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 33, 322-құжат; 2005 ж., N 30, 383-құжат):
кіріспеде:
"экспортқа бағдарланған" деген сөздер "бәсекеге қабілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және импорт алмастырушы" деген сөздер алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
2-тармақтың төртінші абзацында "экспортқа бағдарланған" деген сөздер "бәсекеге қабілетті" деген сөздермен ауыстырылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.2. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |