Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 20 шілдедегі N 632 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 274 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 2, 20-құжат):

      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін пайдалы қазбалардың қорлар түрі мен көлемінің тізбесіне сәйкес кең таралған пайда" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілген метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кен таралған пайдалы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) "Ертіс", "Оңтүстік" және "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 320 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 144-құжат);

      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін пайдалы қазбалар түрлерінің және қорлары көлемінің тізбесіне сәйкес" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілген метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) "Каспий, "Тобыл" және "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі N 407 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 33, 360-құжат):

      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін пайдалы қазбалардың түрлерінің және қорлары көлемінің тізбесіне сәйкес" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілген метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев