Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі N 1193 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 624 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 12.12.2018 № 804 Жарлығымен.


      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі N 1193 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 38, 384-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасында:

      9-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Аса көрнекті қайраткерлердің мерейтойлық даталарына арналған коллекциялық монеталарда портреттерімен қоса тегі және аты (немесе инициалы), туылған жылы және мерейтой жылы жазылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Банкноттар мен монеталарда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазулар пайдаланылады.

      Шет тілінде ресімделетін басқа елдердің тапсырыстары бойынша дайындалатын коллекциялық монеталарды қоспағанда, коллекциялық және инвестициялық монеталарда жазулардың мәтіні мемлекеттік, сондай-ақ орыс немесе шет тілдерінде ресімделеді.";

      12-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Банкноттардың бет немесе сырт жағында осы дизайндағы банкноттардың айналысқа алғашқы шығарылған кезіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының қолы болуы тиіс.";

      19-тармақта "қорытпаны" деген сөзден кейін "немесе металды" деген сөздермен толықтырылсын;

      20-тармақтың бірінші сөйлемі алып тасталсын;

      21-тармақта:

      "қорытпасын" деген сөзден кейін "немесе металын" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Коллекциялық" деген сөзден кейін "және инвестициялық" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22-тармақта:

      "теңге" деген сөз алып тасталсын;

      "бағалы металдардан және мыс-никель қорытпаларынан" деген сөздер "металдардан және қорытпалардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев