Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 наурыздағы N 553 Жарлығы.


      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      (үзінді)

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет органдары мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1283 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 30, 380-құжат):

      аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

      атауындағы "Қорғаныс министрлігінің", "Ішкі істер министрлігінің", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің" деген сөздерден кейін "және оның ведомстволарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      атауынан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын Комитет төрағасы, оның орынбасарлары";

      "С-SV-1" санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Комитет төрағасы";

      "С-SV-2" санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Комитет төрағасының орынбасары";

      2) күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      2. Осы Жарлық 2008 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті



  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 14 наурыздағы
N 553 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы 17 қаңтардағы
N 1284 Жарлығына
4-ҚОСЫМША

      Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық

      жалақыларын және сауықтыру жәрдемақыларын есептеу

      үшін коэффициенттер

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 14 наурыздағы
N 553 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы 17 қаңтардағы
N 1284 Жарлығына
4-2-ҚОСЫМША

      Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдары

      тізілімімен "С" санатына жатқызылған орталық атқарушы

      органдар ведомстволарының төрағалары және оның

      орынбасарларының лауазымдық жалақыларын және сауықтыру

      жәрдемақыларын есептеу үшін түзету коэффициенттері

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 14 наурыздағы
N 553 Жарлығына
3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы 17 қаңтардағы
N 1284 Жарлығына
8-1-ҚОСЫМША

      Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері,

      құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше

      жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет органдары мен

      прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдары

      тізілімдермен "С-SV" санатына жатқызылған орталық

      атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары және оның

      орынбасарларының лауазымдық жалақыларын және сауықтыру

      жәрдемақыларын есептеу үшін түзету коэффициенттері

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.