1) "Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 559-құжат; 2002 ж., N 18, 196-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 20, 201-құжат; 2004 ж., N 19, 234-құжат; N 21, 265-құжат; N 33, 439-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат; N 30, 380-құжат; 2006 ж., N 23, 229-құжат; N 39, 429-құжат; 2007 ж., N 43, 499-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
"Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, оның орынбасарлары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы";
2) "Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 501
Жарлығына
:
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде:
"А санаттарының тобы
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
А-1 санаты
Сектор меңгерушісі
А-2 санаты
Инспектор, консультант
А-3 санаты
Сарапшы
А-4 санаты
Референт".