Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 маусымдағы N 346 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы N 426 Жарлығы

ҚР ПҮАЖ-ында және республикалық
баспасөзде жариялануға тиіс  

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  44-бабының 3) тармақшасына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігін (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитетін таратсын;  P080141
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің таратылатын Бәсекелестікті қорғау комитетінің штат санын құрылатын Агенттікке беруді қамтамасыз етсін;
      3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Агенттік Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің таратылатын Бәсекелестікті қорғау комитетінің міндеттемелері бойынша құқық мирасқоры болып белгіленсін.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6  Жарлығының 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      " Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)".

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті