Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 маусымдағы N 352 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 22, 270-құжат; 2005 ж., N 11, 100-құжат; 2007 ж., N 4, 50-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      1-тармақтың екінші абзацындағы "4842,3" деген цифрлар "5440,4" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      көрсетілген ережеге қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті



  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 21 маусымдағы
N 352 Жарлығына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 29 маусымдағы
N 645 Жарлығымен бекітілген
"Астана - жаңа қала"
арнайы экономикалық аймағы
туралы ережеге
Қосымша

      "Астана - жаңа қала"

      арнайы экономикалық аймағы

      шекарасының жоспары

      (Картаны қағаз мәтіннен қараңыз)