Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 423 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы N 349 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 16 шілдедегі N 1029 Жарлығымен

      Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.07.16 N 1029 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президенті мен 
Үкіметі актілерінің жинағында және  
республикалық баспасөзде       
жариялануға тиіс           

      Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын беру жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 423  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 30, 367-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақта:
      "жыл сайынғы" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Президентінің" деген сөздерден кейін "екі жылда бір рет берілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) дипломдарды әзірлеуге байланысты шығыстарды қаржыландыруды олар берілетін жылғы республикалық бюджетте көздесін;";

      4) тармақшадағы "жыл сайын" деген сөздер "екі жылда бір рет" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті