Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 23 сәуiрдегi N 1560 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 23 мамырдағы N 121 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 3 ақпандағы N 131  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 74-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С. Есiмовке" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi К.Қ. Мәсiмовке" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында:
      реттiк нөмiрi 31-жол алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi