Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзiрлеу мен нақтылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 20 наурыздағы N 68 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

Республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс    

      Индустриялық-инновациялық даму саласында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Қазына" орнықты даму қоры акционерлік қоғамын (бұдан әрі - "Қазына" АҚ) құрсын; см.U080669
      2) бір ай мерзімде:
      "Қазына" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды ;
      акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) "Қазына" АҚ-ның жарғылық капиталына ақы төлеуге берілетін мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тізбесін бекітуді қамтамасыз етсін;
      3) үш ай мерзімде нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;
      4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2006.06.22. N 137 жарлығымен.

      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті