Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 3636 Жарлығының күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 284 Жарлығына өзгерiс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 16 мамырдағы N 1572 Жарлығы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

         1. "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiржолғы төлем туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 3636  Жарлығының  күшi жойылды деп танылсын.

      2. "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiржолғы төлем туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 284  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 55-56, 542-құжат) мынадан өзгерiс енгiзілсiн:

      1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiржолғы төлем туралы" 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 3636 Жарлығына сәйкес бiржолғы төлемдi алуға арналған құжаттарды уақытында ресiмдей алмаған" деген сөздер алып тасталсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті