Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі N 2923 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 1515 Жарлығы

"Актілер жинағында"  
жариялануға тиіс    

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы" 1996 жылғы 2 сәуірдегі N 2923  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 14, 107-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақтағы "ішкі істер" деген сөздер "әділет" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті