Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 217 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1503 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен

      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңына , "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне Астана қаласының соты қадағалау алқасының Қ.А. Далабаевтың пайдасына шығарған 2004 жылғы 11 қарашадағы қаулысын орындау үшiн 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң резервiнен 2500000 (екi миллион бес жүз мың) теңге бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі