Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1501 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 838 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 12.02.2019 № 838 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы енгізілсін;

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамынан И.Н.Тасмағамбетов шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Президенті