Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 мамырдағы N 1363 Жарлығы

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі N 691  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 32, 421-құжат; 2002 ж., N 44, 436-құжат; 2003 ж., N 45, 487-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамына енгізілсін:

Әбдікәрімов             - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Оралбай                   хатшысы, төраға,

Тілеубердин             - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Алтай Абылайұлы           Кеңсесінің Басшысы, төрағаның
                          орынбасары,

      Комиссия мүшелері:

Оразалин                - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының
Нұрлан Мірқасымұлы        төрағасы (келісім бойынша),

Сұлтанов                - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қуаныш Сұлтанұлы          Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму
                          комитетінің төрағасы (келісім бойынша);

      мына жол:

"Қалетаев               - Қазақстан Республикасы Президенті
Дархан Аманұлы            Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің
                          меңгерушісі"

      мынадай редакцияда жазылсын:

"Қалетаев               - Қазақстан Республикасы Президенті
Дархан Аманұлы            Әкімшілігі Ішкі саясат басқармасының
                          Әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі";

      аталған Комиссияның құрамынан И.Н.Тасмағамбетов, А.С.Павлов, М.А.Құл-Мұхаммед шығарылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті