Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 1042 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 30 наурыздағы N 1325 Жарлығы

      Мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен адам құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жүйесін жетілдіру, олардың арасындағы әріптестік қатынастарды дамыту мақсатында қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 1042 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 11, 125-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      1, 2, 10 және 11-тармақтардағы "Сыртқы істер министрі", "Сыртқы істер министрінің" деген сөздер алынып тасталсын;

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамындағы:

"Нұрғалиева               - Қазақстан Республикасы
Еңлік Нұрғалиқызы           Парламенті Сенаты аппаратының
                            Құқықтық сараптама бөлімінің
                            меңгерушісі

Отто                      - Қазақстан Республикасының
Иван Иванович               Ішкі істер вице-министрі"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Нұрғалиева               - Қазақ гуманитарлық-заң
Еңлік Нұрғалиқызы           университеті еңбек және экология
                            құқығы кафедрасының меңгерушісі
                            (келісім бойынша)

Отто                      - Қазақстан Республикасының
Иван Иванович               Ішкі істер бірінші вице-министрі";

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына:

Нәбиева                   - "ЖАРИА" қоғамдық бірлестігінің
Гүлзи Әскенқызы             директоры (келісім бойынша),

Нәрікбаев                 - Қазақ гуманитарлық-заң
Мақсұт Сұлтанұлы            университетінің ректоры (келісім
                            бойынша),

Нұрбаев                   - адвокат, Шығыс Қазақстан облыстық
Герман Кәрімұлы             адвокаттар алқасының мүшесі
                            (келісім бойынша),

Оразалин                  - Қазақстан Жазушылар одағы
Нұрлан                      басқармасының төрағасы (келісім
Мырқасымұлы                 бойынша),

Сиврюкова                 - Қазақстанның үкіметтік емес
Валентина                   ұйымдары конференциясының президенті
Андреевна                   (келісім бойынша),

Фокина                    - "Алматы-Хельсинки комитеті" қоғамдық
Нинель                      бірлестігінің төрайымы (келісім
Константиновна              бойынша)

      енгізілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті