Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандумға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 1276 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi "Еңбек-Астана" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Еңбек-Көкшетау" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны оны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi "Еңбек-Көкшетау" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Құрылатын кәсiпорынның мемлекеттiк басқару органы болып Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi белгiленсiн.

      3. Құрылатын кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсаты қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметті түзеу мекемелерiндегі бас бостандығынан айыруға сотталғандарды еңбекке тарта отырып жүзеге асыру деп белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) құрылатын кәсiпорын жарғысының бекiтiлуiн және әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi