Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 21 қарашадағы N 1232 жарлығы

      Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.08 № 1170 Қаулысымен.

      Ұлттық байланыс және хабар тарату спутниктiк жүйесiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi Қажымұрат Ыбырайұлы Нағмановқа М.В. Хруничев атындағы Мемлекеттiк ғарыштық ғылыми-өндiрiстiк орталықпен ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату спутнигiн жасау және ұшыру мәселесi жөнiнде келiссөздер жүргiзуге өкiлеттiк берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының Ақпарат, Көлiк және коммуникациялар министрлiктерiмен бiрлесiп үш айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне өкiлеттiктерiн белгiлей отырып, ұлттық спутниктiк ұйымы жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі