"Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 21 қазандағы N 1210 жарлығы

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007.05.07. N  185  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі N 438  бұйрығымен  бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру үшін бұйырамын:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 18.09.2002 ж. N 438  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 2 қазанда N 1992 тіркелген және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жылғы N 45-4, 729-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына:
      341-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "341 "Сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықтары";
      42-кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "42 "Банктердегі аккредитивтердегі, чектердегі, карт-шоттардағы және басқа да шоттардағы ақша";
      423-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "423 "Карт-шоттардағы ақша";
      43-кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "шетел валютасындағы ағымдағы, корреспонденттік шоттардағы ақша";
      431-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "431 "Ел ішінде шетел валютасындағы ағымдағы, корреспонденттік шоттардағы ақша";
      432-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "432 "Шет елдегі шетел валютасындағы ағымдағы, корреспонденттік ақша";
      44-кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "44 "Ұлттық валютада ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша";
      441-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "441 "Ұлттық валютада ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша";
      551-шоттың атауындағы "заңнамада" деген сөз "құрылтай құжаттарда" деген сөздермен ауыстырылсын.
      602-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарызы";.

      2. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-министрі Г.Н.Өзбековке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі