Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 тамыздағы N 1178 Жарлығы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.20 № 429 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 57, 551-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Павлов                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Александр Сергеевич         Министрінің бірінші орынбасары, төраға

Құлекеев                  - Қазақстан Республикасының Білім және
Жақсыбек Әбдірахметұлы      ғылым министрі, төрағаның орынбасары

Исекешев                  - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы             және сауда вице-министрі

Ойнаров                   - Қазақстан Республикасының Қаржы
Азамат Рысқұлұлы            вице-министрі

Асанов                    - Қазақстан Республикасының Әділет
Жақып Қажманұлы             вице-министрі

      көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын: Мұхамеджанов Бауыржан Әлімұлы, Беркімбаева Шәмша Көпбайқызы, Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы, Тоқсейітов Рақымберген Құрманғалиұлы, Шамсутдинов Ринат Шарафутдинович.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі