Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 28 шілдедегі N 422 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 1021 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № 894 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 12.08.2014 № 894 Жарлығымен.

      Мемлекеттік меншіктегі денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіру жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
      1. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншіктегі объектілердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 28 шілдедегі N 422 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 29, 354-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған Жарлыққа қосымшада:
      7-тармақта "осы аумақтағы монополист" деген сөздер "облыстың, қаланың, ауданның қызмет көрсетілетін аумағындағы бірден-бір мемлекеттік медициналық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бұрын қабылданған актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті