Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына және кейбір судьяларына жоғары біліктілік сыныбын беру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2002 жылғы 12 желтоқсан N 996

Республикалық баспасөзде 
мазмұны жариялануға   
тиіс           

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 13) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 48-бабына , "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы N 643 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы судьяларының біліктілік сыныптары туралы ереженің 1-4-тармақтарына сәйкес қаулы етемін:

      1. Жоғары біліктілік сыныбы:

Қазақстан Республикасы            Мәми Қайрат Әбдіразақұлына;
Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қазақстан Республикасы            Жақыпов Бақытжан Ақұтайұлына,
Жоғарғы Сотының                   Кравченко Александр Ивановичке
судьялары

берілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті