Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 4 нормативтік қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, құрамында Төраға Қ.Ә. Мәми, Кеңес мүшелері А.Қ. Дауылбаев, В.А. Малиновский, И.Д. Меркель, Р.Ж. Мұқашев, Ә.А. Темірбеков және У. Шапак қатысқан

      өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі А.Қ. Дауылбаевтың баяндамасын тыңдап, конституциялық іс жүргізудің материалдарын, мемлекеттік органдардың қорытындыларын, халықаралық тәжірибені, жекелеген шет елдердің заңнамасы мен практикасын талдап, сарапшы – заң ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ж. Балтабаевтың қорытындысын зерделеп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі төмендегіні

анықтады:

      Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 2-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтініш жолдады. Өтініште мынадай сұрақтар қойылған:

      "Республика Конституциясының 15-бабы 2-тармағының конституциялық ережелері оларда көзделген барлық қылмыстық іс-әрекеттер үшін қылмыстық заңда өлім жазасын белгілеуге міндеттей ме?

      Ең ауыр жаза қолданылуы мүмкін қылмыстар шеңберіне қатысты конституциялық талаптар тұрғысынан алғанда Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы онда жол берілген ескертпемен ратификациялау мүмкін бе?".

      Негізгі Заңның қаралып отырған нормасын өтініш нысанасына қатысты түсіндірген кезде Конституциялық Кеңес мынаны негізге алады.

      1. Қазақстан Республикасының Конституциясында және халықаралық актілерде өмір сүру құқығы демократиялық қоғамның негізгі құндылығы ретінде танылады, оның үстем мәртебесі айқындалады және мемлекеттің қандай да бір айырмашылықтарсыз барлық адамдар үшін осы құқыққа кепілдік беру жөніндегі міндеттемелері белгіленеді (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Бала құқықтары туралы конвенция және басқалар).

      Республика Конституциясының 1-бабының 1-тармағына сәйкес адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы болып табылады.

      Негізгі Заңның 15-бабының 2-тармағында көзделгендей, ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ.

      Конституциялық Кеңес 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 10 нормативтік қаулысында айтып кеткендей, Конституцияның 15-бабы 2-тармағын түсіндірген кезде Конституцияның құрылымының "Адам және азамат" деген II Бөлімінде орналасқан осы норманың мағынасын және мәнмәтінін негізге алған жөн.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Конституциялық Кеңесінің 16.11.2022 № 1 нормативтік қаулысымен.
      2. Алып тасталды – ҚР Конституциялық Кеңесінің 16.11.2022 № 1 нормативтік қаулысымен.

      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Регламентінің 4-1 және 13-тармақтарын басшылыққа алып, өтініш нысанасына қатысты Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

қаулы етеді:

      1. Алып тасталды – ҚР Конституциялық Кеңесінің 16.11.2022 № 1 нормативтік қаулысымен.
      2. Алып тасталды – ҚР Конституциялық Кеңесінің 16.11.2022 № 1 нормативтік қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес нормативтік қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.

      4. Осы нормативтік қаулы республикалық ресми баспасөз басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

      Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесі