Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Регламентіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 2 нормативтік қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Регламентінің 34-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Регламентіне (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы, 2002 жыл, № 5-басылым; Юридическая газета, 2002 жылғы 15 мамырдағы № 19; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы, 2006 жыл, № 9-басылым; Юридическая газета, 2009 жылғы 18 ақпандағы № 25) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) 4-тармақтың сегізінші абзацы мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Бұл ереже осы Регламенттің 27 және 28-тармақтарында қарастырылған жағдайларда да қолданылады.";

      2) 25-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Басқа шешімдердің күшіне ену тәртібін Конституциялық Кеңес заңнамаға сәйкес белгілейді.".

      2. Нормативтік қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің
Төрағасы
Қ.Ә. Мәми