Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі N 1 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 31 наурыздағы N 9-3/I Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  9-бабы 2-тармағына және  41-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Регламентінің 34-бабына және 29-бабының екінші абзацына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі  қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі N 1 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Регламентіне (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы, 2002 жыл, N 5 басылым; "Юридическая газета" 2002 жылғы 15 мамыр, N 19) мынадай мазмұндағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Регламент мәтініндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығы" және "Жарлықтың" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы" және "Конституциялық заңның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) Регламенттің 29-бабының екінші абзацы "... республикалық ресми басылымдарда ..." деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары Жинағында" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы:
      1) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға жіберілсін;
      2) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысында, "Юридическая газетада" және "Заң газетінде" жариялансын.
      3. Осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Конституциялық Кеңесінің
      Төрағасы