"Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес ұйымдардың қызметi туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне коммерциялық емес ұйымдар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақс

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 23 тамыздағы N 6 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.10 N 1041 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Табиғи газды жеткiзу, тасымалдау және сату ережесiн, Сұйытылған көмiрсутектi газдарды жеткiзу, тасымалдау және пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 568  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 26, 249-құжат) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Табиғи газды жеткiзу, тасымалдау және сату ережесiнде:
      4-тармақтың жиырма жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "уәкiлеттi орган - құзыретiне мұнай-газ өнеркәсiбiн қоса алғанда, энергетика саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру кiретiн мемлекеттiк орган;";
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сұйытылған көмiрсутектi газдарды жеткiзу, тасымалдау және пайдалану ережесiнде:
      7-тармақтың он төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "уәкiлеттi орган - құзыретiне мұнай-газ өнеркәсiбiн қоса алғанда, энергетика саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру кiретiн мемлекеттiк орган.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi