Қарағанды облысы Балқаш қаласы сотының Қазақ КСР-інің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 52-бабын және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабына ескертулердің 5-тармағын конституциялық емес деп тану жөніндегі ұсынымы туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулысы 2000 жылғы 6 желтоқсан N 20/2

      Өнер саласында мамандар дайындауды тиянақты қаржылық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мына республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары қайта құру жолымен: 
      1) Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясы - "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы" мемлекеттік мекемесі; 
      2) Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы - "Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы" мемлекеттік мекемесі; 
      3) Қазақ ұлттық музыка академиясы - "Қазақ ұлттық музыка академиясы" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгіленген тәртіппен: 
      1) құрылатын мекемелердің жарғыларын бекітсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 
      2) көрсетілген мекемелердің штат саны шегін бекіту жөнінде ұсыныс енгізсін; 
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
      3. Құрылатын мекемелерді қаржыландыру 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаржылар шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы 20001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.   

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi