Қазақстан Респубикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 22 қаңтардағы N 19 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Респубикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 7 сәуір N 43-ө

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 22 қаңтардағы N 19 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      "департаменті" деген сөз "комитеті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігімен" деген сөздер "Әділет министрлігімен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен" деген сөздермен ауыстырылсын.
 
      Премьер-Министр