Экспорттық бақылау жөніндегі халықаралық конференция туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ӨКІМІ 1998 жылғы 9 қарашадағы N 218-ө

      1. Астана қаласында 1998 жылғы 10-13 қарашада "Орталық Азия мен

 

Кавказ елдерінде жаппай қырып-жою қаруын экспорттық бақылау және оны

таратпау проблемалары жөніндегі үшінші аймақтық форум" халықаралық

конференциясы өткізілсін.

     2. Халықаралық конференцияны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті

мына құрамда құрылсын:


     Әблязов Мұхтар         - Қазақстан Республикасының

     Қабылұлы                 Энергетика, индустрия және сауда

                              министрі, төраға


     Ыдырысов Ерлан         - Қазақстан Республикасының Сыртқы

     Әбілфайызұлы             істер бірінші вице-министрі, төрағаның

                              орынбасары


                  Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:


     Әбітаев Есберген       - Қазақстан Республикасының

     Әбітайұлы                Энергетика, индустрия және сауда

                              бірінші вице-министрі


     Әбілғазин Данияр       - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Рүстемұлы                вице-министрі


     Елубаев Бауыржан       - Қазақстан Республикасының Ұлттық

     Ысқақұлы                 қауіпсіздік комитеті төрағасының

                              орынбасары (келісім бойынша)


     Кораблев Валерий       - Қазақстан Республикасының Премьер-

     Анатольевич              Министрі Кеңсесінің Сыртқы

                              экономикалық байланыстар және

                              хаттама бөлімі меңгерушісінің

                              орынбасары - Сыртқы экономикалық

                              байланыстар секторының меңгерушісі



 
       3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жұмыс күндерінде 1998 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығындарға көзделген қаржы есебінен қазақстан тарабының атынан фуршет және кофе-брейк өткізуге 153 (жүз елу үш) мың теңге мөлшерінде қажетті қаржы бөлсін.
 
      Премьер-Министр