Қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 28 шiлдедегi N 246. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.12.09. N 1224 қаулысымен

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі Ө.Е. Шүкеевке:
      Облыстардың әкімдерімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік пен активтерді басқару департаментімен және Жекешелендіру жөніндегі департаментімен бірлесіп электр энергетикасының маңызды объектілері акцияларының мемлекеттік пакетін сату және мүліктік жалға беру жөнінде тендерлер дайындау және оларды өткізу;
      селекторлық кеңестер өткізу арқылы Қазақстан Республикасының

 

экономикасын 1997/98 жылдың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа дайындауды

жедел ұйымдастыру және оған бақылау жасау тапсырылсын.

     2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 19

маусымдағы N 185 


R970185_


  өкімінің күші жойылған деп танылсын.


     Премьер-Министр



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Икебаева Ә.Ж.