Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889 қаулысын орындау туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1997 жылғы 1 шiлдедегi N 204 өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар N 2694 Жарлығының 15-бабының 1-тармағына, 10-бабының 1-тармағына сәйкес және Республиканың әкімшілік аумақтық құрылысындағы өзгерістерге байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :

      1. Мына соттар:
      1) Ақтөбе облысы бойынша:
      Әйтеке би, Ақтөбе, Мұғаджар аудандық соттары;
 
      2) Батыс Қазақстан облысы бойынша:
      Жалпақтал, Приуралье аудандық соттары;
 
      3) Қызылорда облысы бойынша:
      Сырдария аудандық соты;
 
      4) Қостанай облысы бойынша:
      Амантоғай, Арқалық, Октябрь аудандық соттары;
 
      5) Жамбыл облысы бойынша:
      Жаңатас, Қаратау қалалық соттары таратылсын.

      2. Мына соттар:
      1) Ақтөбе облысы бойынша:
      Бөгеткөл аудандық соты Әйтеке би аудандық соты;
      Ленин аудандық соты Қарғалы аудандық соты;
      Октябрь аудандық соты Мұғалжар аудандық соты болып;

      2) Жамбыл облысы бойынша:
      Жамбыл қалалық соты Тараз қалалық соты болып;
 
      3) Қостанай облысы бойынша:
      Камышнин аудандық соты Қамысты аудандық соты;
      Комсомол аудандық соты Қарабалық аудандық соты;
      Кустанай облыстық соты Қостанай облыстық соты;
      Кустанай қалалық соты Қостанай қалалық соты;
      Кустанай аудандық соты Қостанай аудандық соты;
      Ленин аудандық соты Ұзынкөл аудандық соты;
      Орджоникидзе аудандық соты Денисов аудандық соты;
      Семиозер аудандық соты Әулиекөл аудандық соты;
      Урицкий аудандық соты Сарыкөл аудандық соты болып;

      4) Қызыолорда облысы бойынша:
      Кзыл-Орда облыстық соты Қызылорда облысы соты;
      Кзыл-Орда қалалық соты Қызылорда қалалық соты болып қайта аталсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                   Н.Назарбаев