"Бридас" компаниясынан "Қазақгаз" МХК және "Алаугаз" АҚ газ-көлiк жүйесi концессиясы шартын жасау жөнiнде эксклюзивтi келiссөздер жүргiзу құқығын қайтып алу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1997 жылғы 21 сәуiр N 108-ө

      "Бридас" (Аргентина) компаниясының өзiнiң табыс еткен "Қазақгаз" МХК және "Алаугаз" АҚ газ-көлiк жүйесi концессиясы шарты жобасын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1997 жылғы 25 ақпандағы N 42 өкiмiмен құрылған жұмыс тобының компанияның ұсынған тендерлiк ұсыныстарының шарттарына сәйкес келтiру жөнiндегi тапсырмасын орындамауына байланысты:
      1. "Бридас" компаниясынан "Қазақгаз" МХК және "Алаугаз" АҚ газ-көлiк жүйесi концессиясы шартын жасау жөнiнде эксклюзивтi келiссөздер жүргiзу құқығы қайтып алынсын.
      2. Жоғарыда аталған жұмыс тобына 1997 жылдың 25 мамырына дейiн мерзiмде "Қазақгаз" МХК және "Алаугаз" АҚ газ-көлiк жүйесi концессиясы туралы шарттың талаптары бойынша "Бридас" компаниясын қоса алғанда, басқа үмiткерлермен келiссөздер жүргiзу ұсынылсын.

      Премьер-Министр