Тендер өткiзу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 26 наурыздағы N 79

      "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясы акцияларының 40 процентiн жекешелендiру жөнiнде тендердi өткiзу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментiнiң "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясын жеке жоба бойынша жекешелендiруге тендер өткiзу кезiнде "Майер, Браун энд Платт" (АҚШ) фирмасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң кеңесшiсi етiп тарту туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 18 наурыздағы N 119 өкiмiнiң 1 және 2-тармақтарының күшi жойылған деп танылсын.

      Премьер-Министр