1996 жылғы 15 наурыздағы N 118 өкiмiне өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 21 қараша N 523-ө  өкiмi. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен (P050124)


     Жоғары әскери, арнаулы және өзге атақтар берудi ретке келтiру 
мақсатында:
     1. Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң жанында мына құрамда 
Әскери, арнаулы және өзге атақтар жөнiндегi комиссия құрылсын:
    Сәрсеков Б.С.             - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы,
                                Комиссия төрағасы
    Комиссия мүшелерi:

    Әубәкiров Т.О.            - Қазақстан Республикасы
                                Президентiнiң көмекшiсi
    Нұрмағамбетов С.Қ.        - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                                штаттан тыс кеңесшiсi
    Рогов И.И.                - Қазақстан Республикасы
                                Президентiнiң көмекшiсi
    Смағұлов Н.Р.             - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                Аппараты Қорғаныс және құқық тәртiбi
                                бөлiмiнiң меңгерушiсi
    Судьин А.С.               - Қазақстан Республикасының Президентi
                                Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк қызмет
                                және кадр саясаты бөлiмiнiң
                                меңгерушiсi

    2. Комиссияның негiзгi мiндетi жоғары атақтар беру жөнiнде келiп
түскен ұсыныстарды алдын-ала зерделеу және солар  бойынша  Қазақстан
Республикасының Президентiне  ұсыныстар  енгiзу  болып табылады деп
белгiленсiн.
    3. Әскери,  арнаулы  және  өзге  атақтар  жөнiндегi  комиссияның
төрағасы Комиссия  туралы  ереже  әзiрлеп,  Қазақстан   Республикасы
Қауiпсiздiк Кеңесiнiң қарауына ұсынатын болсын.

    Қазақстан Республикасының
    Президентi