Мемлекеттiк туларды шығару туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 25 маусымдағы N 298

      1. 1996 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туларын шығару туралы "Алматықалабезендiру" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге де атқарушы органдары оларды ұстауға кеткен шығынды шығыстар сметасы есебiнен және соның шегiнде қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      Премьер-Министр