Инвестициялық контрактты бұзу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 3 мамыр N 210-ө

      Торғай облысының әкiмi В.А. Брынкин "Росконтракт" федералдық контракт корпорациясы" акционерлiк қоғамымен 1996 жылғы 23 наурызда жасалған N 001-144К инвестициялық контрактты қолданылып жүрген заң талаптарына (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 219, 220-баптары; "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 35-43; 103, 104 баптары), сондай-ақ "Қазақ КСР-iнде қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы" Қазақ КСР Заңының нормаларына қайшы келетiндiктен 3 күндiк мерзiмде бұзатын болсын.
      2. Облыстардың әкiмдерi мен Алматы қаласының әкiмi облыс шеңберiндегi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң экономикалық мүдделерiне қатысты шарттар, контракттар жасауға байланысты мәселелердi қараған кезде жобаларды Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен, мемлекеттiк комитеттерiмен, сондай-ақ Үкiметiмен келiсетiн болсын.

      Премьер-Министр