Ураны бар шикiзат беру және сату туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрi орынбасарының ӨКIМI 1995 жылғы 22 ақпан N 8-5ө

      1. "КАТЭП" атом энергетикасы мен өнеркәсiбi жөнiндегi Ұлттық акционерлiк компаниясы мен Қарабалта /Қырғыз Республикасы/ тау-кен комбинаты ұсынған 1994 жылы және 2000 жылға дейiнгi кезеңде құрамында ураны бар шикiзат беру және сату үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 21 маусымдағы Келiсiмге сәйкес құрылған "Мойынқұм" қазақ-қырғыз бiрлескен кәсiпорны жөнiндегi құрылтайшы келiсiм-шарт мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi "Мойынқұм" бiрлескен кәсiпорны жұмысты орындаған кезде республика мүддесiнiң сақталуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
Премьер-министрдiң
   орынбасары