1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң Мемлекеттiк құндылықтар қоймасынан Қазақстан Республикасына дайын өнiмдi мiндеттi түрде қайтарылатын етiп 2598,4 грамм таза алтынды Екатеринбург түстi металдар өңдеу зауытына берме шартымен қымбат металдардың қалыпты үлгiсiнде дайындау үшiн Ресей Федерациясына жөнелтуге рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң Мемлекеттiк құндылықтар қоймасына 2598,4 грамм таза алтын жөнелтуге лицензия берсiн.
Премьер-министр