Оқу орнын бiтiргенiн куәландыратын құжат туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРIНIҢ ӨКIМI 16 мамыр 1994 ж. N 198-ө

      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының оқу орнын бiтiргенiн куәландыратын мемлекеттiк үлгiдегi құжаттың бiрыңғай нысанын бiр ай мерзiмде әзiрлесiн әрi бекiтетiн болсын;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесiп оларды дайындауды қамтамасыз етсiн.
      2. Оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволар осы құжаттарға өтiнiмдi Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне жыл сайын табыс өтiп отырсын.

      Премьер-министр