Халықтың жан басын тiркеудi әзiрлеу

Қазақстан Республикасы Премьер-министрi бiрiншi орынбасарының өкiмi 28 желтоқсан 1992 ж. N 7-33-ө

      Халықтың жан басын тiркеудi әзiрлеу мен енгiзудi ұйымдастыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау

жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Халықтың жан басын
тiркеудi әзiрлеу мен енгiзу жөнiндегi ведомствоаралық кеңес 
туралы қоса берiлiп отырған ереже бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау 
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Халықтың жан
басын тiркеудi әзiрлеу мен енгiзу жөнiндегi ведомствоаралық
кеңесiнiң құрамы бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                        Премьер-министрiнiң
                                        бiрiншi орынбасарының
                                     1992 жылғы " " желтоқсандағы
                                         N__________ өкiмiмен
                                             бекiтiлген

            Қазақстан Республикасының Статистика және талдау
          жөнiндегi Мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Халықтың
            жан басын тiркеудi әзiрлеу мен енгiзу жөнiндегi
                    ведомствоаралық кеңес туралы
                          
                          Ереже



      1. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Халықтың жан басын тiркеудi әзiрлеу мен енгiзу жөнiндегi ведомствоаралық кеңес <*> өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулыларын және осы Ереженi басшылыққа алады.
      Сiлтеме. Мұнан әрi текст бойынша - Ведомствоаралық кеңес
      2. Ведомствоаралық кеңестiң негiзгi мiндеттерi "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген республика аумағында оның тұрғындарын - халықты тiркеудi автоматтандырылған жүйемен есепке алуды енгiзуге байланысты, әдiстемелiк және ұйымдастыру мәселелерi бойынша ұсыныстарды қарау және қабылдау болып табылады.
      3. Ведомствоаралық кеңес негiзгi мiндеттерiне сәйкес өзiнiң ұсыныстарын мынадай негiзгi бағыттар бойынша қарайды және тұжырымдайды:
      халық туралы ақпараттарды адами ерекшелiктерге сай есепке алудың, өңдеудiң және сақтаудың мемлекеттiк жүйесiн ұйымдастыру туралы жаңа әдiснамаларды әзiрлеу және қолданылып жүрген әдiснама ережелерiн жетiлдiру;
      халықты тiркеу көрсеткiштерiнiң ғылыми негiзделген жүйесiн жасау;
      халық туралы ақпараттардың жаңа технологияларын жинауды, өңдеудi және сақтауды әзiрлеу мен енгiзу;
      халықты тiркеудiң және сонымен өзара iс-қимылдағы басқа да жүйелердiң техникалық, бағдарламалық және ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз етiлуiн пайдалану.
      4. Ведомствоаралық кеңес өзiне жүктелген мiндеттi орындау мақсатында өз құзыретiнiң шегiнде халық тiркелуiнiң аймақтық және салалық ақпарат жүйелерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiнен шешiмдер қабылдайды.
      5. Ведомствоаралық кеңестiң мәжiлiсi оның жұмысының жылдық жоспарына сәйкес тоқсанына кемiнде I рет өткiзiледi.
      6. Ведомствоаралық кеңестiң:
      Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен

ведомстволарынан оның қызметi үшiн қажеттi ақпараттар сұрауға 
және алуға;
     кеңестiң мәжiлiстерiнде халықтың тiркелуiн әзiрлеу мен 
енгiзу жөнiндегi жауапты атқарушылардың, тиiстi министрлiктердiң
/ведомстволардың/ және жергiлiктi органдардың Ведомстволық
кеңестiң жүзеге асырылып жатқан ұсыныстары мен шешiмдерiнiң 
орындалуы мен нәтиже барысы хабарларын тыңдауға хұқы бар.
     7. Ведомствоаралық кеңестiң мүшелерi оның мәжiлiстерiне 
алмастыру хұқығынсыз қатысады.
                                       Қазақстан Республикасы
                                        Премьер-министрiнiң
                                       бiрiншi орынбасарының
                                    1992 жылғы " " желтоқсандағы
                                        N_________ өкiмiне
                                           қосымша

            Қазақстан Республикасының Статистика және талдау
            жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы 
            Халықтың жан басын тiркеудi әзiрлеу мен енгiзу
            жөнiндегi ведомствоаралық кеңестiң
                           Құрамы
     Дәуренбеков А. К.       - Қазақстан Республикасының 
                               Мемстаткомы Төрағасының орынбасары
                               /кеңес басшысы/

     Бегахметов Т. К.        - Қазақстан Республикасы Еңбек
                               министрiнiң орынбасары /кеңес
                               басшысының орынбасары/

     Құлжанов М. К.          - Қазақстан Республикасы Денсаулық
                               сақтау министрiнiң орынбасары

     Романов В. И.           - Қазақстан Республикасы Халықты 
                               әлеуметтiк жағынан қорғау 
                               министрiнiң орынбасары
 
     Сапарбаев Б. М.         - Қазақстан Республикасы Бiлiм беру
                               министрiнiң орынбасары

     Телеуханов А. А.        - Қазақстан Республикасы Әдiлет 
                               министрiнiң орынбасары

     Тұрсынова Р. Х.         - "Қазтұрғынкомшар" концернi 
                               төрағасының орынбасары

     Ахментаева М. С.        - Қазақстан Республикасының
                               мемстаткомы әлеуметтiк және
                               демографиялық статистика жетекшi
                               басқармасының бастығы

     Бiлеубаева М. Б.        - Қазақстан Республикасының 
                               Мемстаткомы демографиялық 
                               статистика және халықтың 
                               денсаулығы бөлiмiнiң бастығы

     Ғазизов С. Ғ.           - Қазақстан Республикасының 
                               Мемэкономкомы әлеуметтiк саясат
                               және әлеуметтiк бағдарламалар
                               жиынтық бөлiмiнiң жанындағы 
                               бөлiмше бастығы

     Мұсабеков Е. Н.         - Қазақстан Республикасының 
                               Мемэкономкомы жанындағы 
                               ҚазҒТКАҒЗИ-дiң еңбек экономикасы
                               секторының меңгерушiсi

     Назаров С. С.           - Қазақстан Республикасының Iшкiминi
                               ақпарат орталығы бастығының 
                               орынбасары

     Ысқақов Ұ. М.           - Қазақстан Республикасының 
                               Мемстаткомы статистикалық зерттеу
                               институтының директоры