"Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 167-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 99-ө Өкімі.

      "Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 167-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2026 жылғы "22" маусымдағы
№ 99-ө өкіміне
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 11 қазандағы
№ 167 өкіміне
қосымша

Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы

      Қазақстан тарапынан:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы, хатшы

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Экономикалық бөлімінің меңгерушісі

      "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).

      Халықаралық ұйымдар тарапынан:

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы резидент-үйлестірушісі (келісу бойынша)

      Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының тұрақты өкілі (келісу бойынша)

      Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы (келісу бойынша).