"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Отандық кәсіпкерлер кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 24-ө өкіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 5 наурыздағы № 27-ө Өкімі

      "Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 146-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Кәсіпкерлік кызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, төраға".

      Премьер-Министр О. Бектенов