"Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 146-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 5 наурыздағы № 26-ө Өкімі

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Отандық кәсіпкерлер кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 24-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген өкімге 1-қосымшада:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі";

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі" деген жол алып тасталсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов