"Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 111-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 54-ө өкімі.

      "Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 111-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген өкіммен бекітілген Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссия жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 3 сәуірдегі
№ 54-ө өкіміне
қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 3 қарашадағы
№ 111-ө өкімімен
бекітілген

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға;

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, төраға орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы, хатшы;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі;

      Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің орынбасарлары.