Цифрлық трансформация және "Data-driven government"-ке көшу мақсатында:
1. Цифрлық үкімет офисі (бұдан әрі – Офис) құрылсын.
1-1. Жобалық басқару жөніндегі уәкілетті органның базасында Цифрлық үкімет кеңсесінің құрылымында Ұлттық жобалау офисі құрылсын.
Ескерту. Өкім 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің 25.04.2023 № 70-ө өкімімен.2. Қоса беріліп отырған Офис туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 94-ө өкімімен бекітілген |
Цифрлық үкімет офисі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Цифрлық үкімет офисі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Цифрлық үкімет офисінің (бұдан әрі – Офис) міндеттерін, функционалдық қызметін және ұйымдық құрылымын айқындайды.
2. Офистің негізгі ұйымдық құрылымдары Цифрлық трансформация орталығы, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бірыңғай ахуалдық орталығы және Ұлттық жобалау офисі болып табылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 25.04.2023 № 70-ө өкімімен.2-1. Офистің міндеттері мен функцияларын сараптамалық-талдамалық және ұйымдастырушылық-әдіснамалық сүйемелдеу, орындау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ЦҮҚО) жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің 25.04.2023 № 70-ө өкімімен.2-2. Ұлттық жоба кеңсесі матрицалық құрылым болып табылады, оның құрамына мыналар кіреді:
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жобалық басқару саясаты департаменті;
Президенттік жобалық офисі (Delivery Unit);
ЦҮҚО Мониторинг және жобаларды басқару орталығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік басқарудағы Жобалық менеджментті дамыту орталығы;
мемлекеттік органдардың жобалау офистері.
Ұлттық жобалау офисі ұлттық жобаларды және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарын іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзге де құрылымдық бөлімшелерін, жобаларды басқару, инвестициялар және қаржы саласындағы халықаралық және ұлттық жоғары білікті сарапшыларды тарта алады.
Ескерту. 1-тарау 2-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің 25.04.2023 № 70-ө өкімімен.2-3. Ұлттық жобалау офисі қызметінің регламентін Цифрлық үкімет офисінің басшысы бекітеді.
Ескерту. 1-тарау 2-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің 25.04.2023 № 70-ө өкімімен.2-4. Ұлттық жобалық офистің қызметін қамтамасыз ету және оның қызметінің проблемалы мәселелерін жедел шешу мақсатында Офис басшысының шешімімен Ұлттық жобалық офистің Басқарушы кеңесі құрылып, оған мүдделі мемлекеттік органдар енгізіледі.
Ескерту. 1-тарау 2-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің 25.04.2023 № 70-ө өкімімен.3. Офис өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2-тарау. Офистің міндеттері мен функциялары
4. Офистің негізгі міндеттері:
1) мемлекеттік басқарудағы, әлеуметтік-экономикалық және қызметтің басқа да салаларындағы тосын оқиғаларды анықтау және (немесе) шешу жөнінде кешенді ұсыныстар тұжырымдау.
Тосын оқиға деп мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуінің, тыныс-тіршіліктің әлеуметтік-экономикалық және басқа да салаларының орнықты дамуының бұзылуын туғызған немесе туғызуы мүмкін және уақтылы араласу мен шұғыл шешуді талап ететін штаттан тыс жағдай түсініледі;
2) мемлекеттік басқарудың барынша тиімділігіне қол жеткізу және адамға бағдарланған сервистерді құру арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрлық қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін реинжинирингтеу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жобалау қызметін үйлестіру және әдіснамалық сүйемелдеу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының орындалуына, сондай-ақ басым реформалар мен стратегиялық инвестициялық жобаларына жедел мониторингті қамтамасыз ету, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының берілген көрсеткіштерінен ауытқуларды уақтылы түзету жөнінде ұсыныстар әзірлеу, жобалық басқаруды мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне бейімдеу және кешенді енгізу.
4) басқару шешімдерін өзекті және анық деректермен қамтамасыз ету, сондай-ақ үлкен деректерді талдау алгоритмдерін қолдана отырып, нақты уақыт режимінде талдамалық кейстерді тұжырымдау бойынша ведомствоаралық жұмысты ұйымдастыру.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 25.04.2023 № 70-ө өкімімен.5. Офистің функциялары:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және өзге де ұйымдардың Офистің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін үйлестіру;
2) Офистің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ақпараттық және сараптамалық-талдамалық қолдауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін талап ететін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
4) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне Офистің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсынымдар жолдау.
6. Мыналарды:
1) Офис қызметінің басым бағыттарын айқындауды;
2) Офис шешімдерінің орындалу барысы туралы Офис жетекшісінің есебін тыңдауды;
3) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Офиске тапсырмалар беруді қоса алғанда, Офистің қызметін стратегиялық басқаруды және жалпы басшылық жасауды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жүзеге асырады.
7. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Офис жетекшісі болып табылады.
8. Офис жетекшісі:
1) Офистің жұмысын ұйымдастырады;
2) Офис жұмысына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдерін тартады;
3) Офиске жіберілген жұмыскерлердің міндеттері мен функционалдық міндеттерін айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларына жұмыскерлерді ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) мемлекеттік органдар мен ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының атына Офиске жіберілген жұмыскерлерді көтермелеу немесе жазалау туралы ұсыныстар енгізеді;
5) жарты жылда бір реттен сиретпей, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін Офистің жұмысы туралы хабардар етеді;
6) Офистің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, өзге де ұйымдардың жұмыскерлері мен тұлғалардан тұратын Офистің жұмыс топтарын қалыптастырады.
9. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Офистің жұмыс органы болып табылады.
10. Офистің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру процесінде оған қатысушылардың жұмыс істеу және өзара іс-қимыл жасау тәртібін Офис жетекшісі бекітеді.